Жергілікті БАҚ бұл оқиғаны елдегі жалғасып жатқан бандиттік тайталаспен байланыстырады. Жарылыстар Хессельби мен Фуллерст тұрғын ауданында болды, деп жазады inbusiness.kz.
"Бірінші жарылыс үйді толығымен қиратты, үйінділер ғана қалды. Жарылыстан тұтанған от көрші үйлерге таралды", - деді Стокгольм полициясының қызметкері Даниэль Викдал.
Полицияның мәлімдемесіне сәйкес Худдинг коммунасындағы Фуллерсттегі тұрғын үй қатты зақымданбаған, тек "алдыңғы есік, шатыр мен терезелер" бүлінген. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Швед теледидары жарылыстар бірнеше ай бойы Стокгольм мен Уппсаледе есірткі саудасымен айналысатын топтардың өзара тайталасымен байланысты деп мәлімдейді.