Стокгольмде шет елде тұратын отандастардың бизнес форумы өтті

1047

Стокгольм қаласында Швеция, Дания, Норвегия, Финляндияда тұратын отандастардың басын қосқан бизнес форум өтті.  

Стокгольмде шет елде тұратын отандастардың бизнес форумы өтті

Шараны "Отандастар" Қоры мен Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Іскерлік байланысты қалыптастыру мәселелері жайлы қарқынды әрі қарқынды пікір алмасуға Солтүстік Еуропадағы қазақ диаспорасының көшбасшылары және белсенділерімен қатар ҚР Швециядағы елшісі Қайрат Әбдірахманов, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы төрағасының орынбасары Арғын Оспанов, "Отандастар" қорының жауапты қызметкерлері, Швецияның Қазақстандағы тұңғыш елшісі Манне Венборг, Қазақстанның Дания, Финляндия, Швециядағы құрметті консулдары  қатысты.

Сонымен қатар жиынға қатысу үшін аталған елдердің компанияларында жұмыс істейтін қазақстандықтар мен жүн өңдеу, ауыл шаруашылығы, агротуризм және басқа да болашағы бар жобалармен айналысатын Түркістан және Қарағанды облыстарының бизнесмендері де келді.

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы мен Қор өкілдері қызметтерінің негізгі бағыттары, оның ішінде шет елдердегі қандастармен мәдени-гуманитарлық және іскерлік байланысты кеңейту әрі нығайтуды көздеген "Отандастар" қорының негізгі жобаларының бірі "Қазақ үйі" Қазақ мәдени-іскерлік үйінің құрамына кіретін іскерлік үйлері мен мәдени орталықтарының әлем бойынша желісін құру жоспарымен таныстырды.

Форумға қатысушыларға Қазақстанның инвестициялық әлеуеті мен өңірлерде бизнесті дамыту үшін жасалған жағдайлар жайында ақпарат берілді. 

Швециядағы қазақстандық жастар Қауымдастығының төрайымы Айдана Бекберген форумға қатысушылар алдында тарихта тұңғыш рет отандастардың жас буынына үндеу жазылған, тек 2025 жылы ашылатын электронды форматтағы уақыт капсуласын салды.

Қатысушыларды делегация құрамында келген кәсіпкерлердің ұсыныстары өте қызықтырды. "Шымкент Кашемир" жүн өңдеу фабрикасының құрылтайшысы әрі басшысы Ш. Қанжарбайұлы скандинавия елдеріне өнімдерін өткізуді жолға қою жайын қозғаса, "Toksumak" бірегей эко-агро-ауыл авторы О. Омаров бір жағынан ауыл тұрғындарының әлеуметтік ахуалын нығайтатын, екінші жағынан елге оралған қандастарға берік база болатын жобаларға инвестиция тарту туралы ойын ортаға салды. Биылдыққа алтыншы рет ұйымдастырылған, Швед астанасында өткен шара әлемдегі қазақ диаспорасы мен қазақстандықтардың тарихи отан төңірегінде бірігуінің жемісті үлгісі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу