Столтенберг Киевке айтпай келді

432

Ресей Владимир Путиннің бұйрығымен 2022 жылдың 24 ақпанында басталған Украинаға әскери шабуылын жалғастыруда. 

Столтенберг Киевке айтпай келді Фото: f.azh.kz

НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенберг Киевке іс-сапармен келді, деп хабарлайды inbusiness.kz украиналық БАҚ-қа сілтеме жасап.

Столтенберг мырзаның Украинаға келетіні жайлы ресми хабар болған жоқ.

Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдары Йенс Столтенбергтің Киевтің орталығындағы Михайловский алаңында орналасқан украиналық сарбаздарды еске алу қабырғасының жанында тұрған фотосуреттерін жариялады.

Столтенберг мырза Ресей басқыншылығы басталғалы бері алғаш Украина жеріне аяқ басты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу