Оның орнына Нидерландының бұрынғы премьер-министрі Марк Рютте келеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Батыс БАҚ-тың хабарлауынша, НАТО-ның жаңа бас хатшысының басты міндеті жақын арада күрделі геосаяси жағдай аясында Альянс саясатының сабақтастығын қамтамасыз ету болады. Осыны ескере отырып, блоктың штаб-пәтерінде жаңа басшының келуіне байланысты ешқандай "таңқаларлық өзгеріс" болмайды.
Өкілеттіктерді беру рәсімі сейсенбіде Брюссельдегі НАТО штаб-пәтерінде жергілікті уақыт бойынша таңғы 9-да (Астана уақытымен 12.00-де) басталып, 11.30-да (Мәскеу уақытымен 14.30-да) Рюттенің альянстың жаңа Бас хатшысы ретіндегі алғашқы баспасөз конференциясымен аяқталады.