Столтенберг НАТО басшысы қызметінде тағы бір жыл қалады

432

НАТО елдері Столтенбергтің Украинадағы соғыс жағдайындағы қызметін жоғары бағалады

Столтенберг НАТО басшысы қызметінде тағы бір жыл қалады Фото: Риа Новости

НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенберг өз қызметінде тағы бір жыл қалады - 2024 жылдың қазан айына дейін, деп жазады inbusiness.kz. 

Euronews хабарлауынша, мұндай шешімді альянсқа мүше елдер қабылдады. Мәлімдемелерде мемлекеттер Украинадағы соғыс жағдайында норвегиялық басшының қызметін жоғары бағалайды, сондықтан Бас хатшыны әзірге өзгертпеуге шешім қабылдады. 

Бұл шешім келесі аптада НАТО саммитінде мақұлдануы керек. Столтенберг 2014 жылдан бері Солтүстік Атлантикалық ұйымның бас хатшысы қызметін атқарады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу