Столтенберг Украина НАТО-ға 2034 жылға дейін кіреді деп үміттенеді

191

Қазіргі НАТО бас хатшысы Вашингтондағы саммит қарсаңында Украинаның мүшелігіне үміт білдіріп, алдағы 10 жылда альянстың кеңеюін жоққа шығармады.  

Столтенберг Украина НАТО-ға 2034 жылға дейін кіреді деп үміттенеді Фото: РБК

НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг алдағы 10 жылда Украина Солтүстік Атлантикалық альянстың мүшесі болады деп үміттенеді, деп жазады Inbusiness.kz dpa ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар, 9-11 шілдеде өтетін Вашингтондағы НАТО Саммиті қарсаңында Столтенберг Киевке әскери көмек көрсетуге шақырды. Бұл қолдау неғұрлым күшті болса, Украинаға қарсы соғыстың тезірек аяқталуы мүмкін, деп атап өтті ол.

Ресей президенті Владимир Путин Украинада Батыстың шешімін әлсіретуге үміттеніп, уақытты ұзарту стратегиясын жүзеге асырады, деді Йенс Столтенберг.

"Путин айласын асыра алады деп сенеді. Біз оны бізден асып кете алмайтынына сендіруіміз керек, сол арқылы бұл соғыстың аяқталуына жағдай жасаймыз", - деді НАТО Бас хатшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу