Стоматологиядағы қайғылы оқиға: министрлік тексеріс жүргізу жоспарын түсіндірді

78

Денсаулық сақтау министрлігі еліміздегі стоматологияларды жаппай тексеру жоспары жоқ екенін мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Стоматологиядағы қайғылы оқиға: министрлік тексеріс жүргізу жоспарын түсіндірді Фото: Zoon.ru

Бұл туралы бірінші вице-министр Тимур Сұлтанғазиев Мәжіліс отырысынан кейін айтты.

Журналистер вице-министрден Астанадағы Dent–Park клиникасында тіс емдеу кезінде қайтыс болған 3 жасар қыздың оқиғасынан кейін жалпы стоматологияларға тексеріс жүргізілуі мүмкін бе деп сұрады.

– Бұл – өте ауыр, резонансты жағдай. Небәрі үш жастағы сәби, обал. Ең алдымен, Денсаулық сақтау министрлігі көңіл айтады. Тергеу аясындағы сот–медициналық сараптаманы Әділет министрлігіне қарасты органдар жүргізеді, сондықтан бұл процесте біздің сарапшылар қатыспайды. Ал стоматологиялық клиникаларды жаппай тексеруге келсек, қазіргі кезде мұндай жоспар жоқ. Тексерулер Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес ғана жүзеге асады, – деді Тимур Сұлтанғазиев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу