Стоматологиялық қызметті дамытудың жол картасы әзірленіп жатыр

902

Стоматологиялық қызметті дамытудың жол картасы әзірленіп жатыр

Қазақстанда стоматология саласына инвестиция салатындар көп пе? Бұл туралы "Стоматологтардың Бірыңғай Қазақстандық Ассоциациясы" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Сәуле Серікқызы Есембаева айтты, деп хабарлайды forbes.kz.

"Елімізде, әсіресе Алматы мен Астана қалаларында стоматологиялық клиникалар саны артып келеді. Менің есебімше, бұл қалаларда жыл сайын 12-15 жаңа тіс емханасы ашылады. Бірақ, біразы көп ұзамай жабылып қалады. Неге десеңіз, оларды стоматологтар емес, биснесмендер ашады. Салған қаражатын 5-7 жылдан кейін ғана қайтара алатынын және бұл іске үнемі қаржы құйып тұру керектігін түсінген соң бұл кәсіптен бас тартып жатады. Неге екенін кім білсін, біраз адам "ақша болса, стоматологиялық клиника ашу керек, табыстың астында қаласың" деп ойлайды. Бұл, әрине, жаңсақ пікір", - дейді Сәуле Серікқызы.

Қазақстанда 18 жасқа дейінгі балаларға, жүкті әйелдерге және өткір тіс ауруымен барған әлеуметтік аз қорғалған топқа жататын науқасқа мемлекеттік көмек тегін көрсетіледі. Сондай-ақ мемлекеттік тапсырысты орындауға жекеменшік тіс емханалары да тартылады.

"Бірақ, тариф тым төмен болғандықтан, ол пайда былай тұрсын, клиниканың шығынын да жаппайды. Қазір стоматологиялық қызметті дамытудың жол картасы әзірленіп жатыр. Сонда осы мәселе де қамтылуға тиіс", - дейді бірлестік жетекшісі сұқбатында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу