"Стоп-траффик": Адам саудасына қатысты 65 қылмыс тіркелді

704

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Камиль Галиев хабарлады. 

"Стоп-траффик": Адам саудасына қатысты 65 қылмыс тіркелді

Оның сөзінше өткен аптада ҚР ІІМ еліміз бойынша бойынша "Стоп-траффик" жедел профилактикалық шарасы ұйымдастырылған. Оның мақсаты – адам саудасына байланысты қылмыстарды ашу. 

"Шетелдік жәбірленушілерді анықтау мақсатында полицейлер мен үкіметтік емес ұйым өкілдері шекаралық пунктер мен көші-қон орталықтарында сенім телефондары жазылған бетперделер таратты. Үш күннің ішінде осындай 65 қылмыс тіркелді. Оның ішінде 6 факт дәл осы адам саудасына байланысты болса, 1 факт заңсыз жұмысқа жегу, 1 факт кәмелеттік жасқа толмаған қыздарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу,  48 факті жеңгетайлыққа қатысты тіркелді", – деді ол. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу