"Странджа-2021" турнирінің нәтижесі жарияланды

1008

Болгарияда бокстан ерлер мен әйелдер арасында "Странджа-2021" халықаралық турнирі өтіп жатыр.  

"Странджа-2021" турнирінің нәтижесі жарияланды

Olympic.kz қазақстандық спортшылардың екінші жарыс күніндегі нәтижесін ұсынады. 

Жарыстың екінші күнінде шаршы алаңға 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Надежда Рябец шықты. Ол өзбекстандық Мавлида Мавлоновадан басым түсіп, жарыстың келесі айналымына өтті. 

Ерлер арасында 69 келіде Саматәлі Төлтаев қарсыласына есе жіберді. Турнирдің екінші айналымында өзбекстандық Асадхужа Мюдинхуджаев отандасымыздан басым түсті. 

Өз кезегінде, 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Бейбарыс Жексен алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Ол бірінші қарсыласы түркиялық Батухан Кифтчиді айқын басымдықпен ұтты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу