Болгария астанасы Софияда өткен кіші әлем чемпионаты саналатын бокстан "Странджа Кубогы" мәресіне жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Байрақты бәсекеде 51 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен жерлесіміз Санжар Тәшкенбай финалдық жекпе-жекте үндістандық қарсыласы Амитке жол беріп, күміс жүлдегер атанды.
Ол бұған дейін жартылай финалда өзбекстандық Асылбек Жалиловпен кездесіп, оны 3:2 есебімен жеңген болатын. Осылайша, оның өзбекстандық қарсыласы Жалилов турнирді қола медальмен аяқтады.
Жарыс қорытындысы бойынша ұлттық құрама боксшылары 3 медальды ел қоржынына салды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу