"Странджа" турнирінде бес қазақ боксшысы финалға өтті

877

Финалдық кездесулер бүгін Астана уақытымен 18:00-де басталады.

"Странджа" турнирінде бес қазақ боксшысы финалға өтті

Болгариядағы "Странджа" турнирінде бес қазақ боксшысы финалға өтті. Жартылай финалдық бәсекелердің барлығы біздің спортшылардың басымдығымен аяқталды, деп хабарлайды Olympic.kz 

49 келідегі Теміртас Жүсіпов жартылай финалда аргентиналық Леандро Хосе Бланконы 4:1 есебімен тізе бүктірді. 

60 келідегі Зәкір Сафиуллин өзбекстандық Шункор Абдурассуловты 4:1 есебімен жеңді. 

64 келідегі Санатәлі Толтаев бразилиялық боксшы Андерсон Оливейрадан 3:2 есебімен басым түсті. 

69 келідегі Абылайхан Жүсіпов украиналық Евгений Барабановты 5:0 есебімен ұтты. 

91 келідегі Василий Левит бразилиялық Абнер Джуниорды жартылай финалда тоқтатты

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу