Студент шәкіртақысы 13 пайызға көбейеді

1358

Студент шәкіртақысы 13 пайызға көбейеді

Биыл мемлекет студенттердің стипендиясына бөлінетін қаражатты 13 пайызға немесе 56 млрд теңгеге көбейтеді, деп хабарлайды 7kun.kz.

Орташа есеппен бір стипендиат үшін 400 мың теңге жұмсалады. Өткен жылы бұл көрсеткіш 346.60 мың теңге болған. Елімізде мемлекеттік грантпен 140.3 мың адам білім алады. Бұл барлық студенттердің 29.4 пайызы.

Қалған 70.6 пайызы немесе 337 мың студент ақылы бөлімде оқиды.

2016/2017 оқу жылында қаржылық қиындықтарға байланысты 17 мың студент ЖОО-дан шығып қалған. Оның 11 мыңы жеке ЖОО-да білім алған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу