Студент ұстазына шабуыл жасады: Вице-министр оқиғаға қатысты пікір білдірді

98

Ұстаз жұмысына қайта кіріскені белгілі болды.  

Студент ұстазына шабуыл жасады: Вице-министр оқиғаға қатысты пікір білдірді Фото: t.me/qumash_kz

Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова Алматыда болған оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Студент пен оқытушы арасындағы жеке жағдай осылай қалыптасты. Біздің ақпарат бойынша оқиға болған сәтте адамдар жедел әрекет етті. Оқытушы жұмысына кірісті", – деді вице-министр.

Оның айтуынша, заңнамада бекітілген тәртіпке сәйкес, студентке қатысты мәселе қаралады.

Айта кету керек, бұған дейін Алматыда студент оқытушыға пышақ ала жүгіргенін жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу