Павлодарда студентінің артынан сабаған педагог қызметінен кетті

687

Балалар құқығын қорғау комитеті оқиғаға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Павлодарда студентінің артынан сабаған педагог қызметінен кетті Фото: Бейнежазбадан

"Павлодар колледжінде мұғалімнің студентке қол көтеру фактісі орын алды. Оқиға видеосы әлеуметтік желілерде жарияланып, қоғамда кеңінен талқыға түсті. Балалар құқығын қорғау комитеті қатысушыларға тәрбиелеудің мұндай әдістерін қолдануға жол бермеу керек деп есептейді. Білім беру мекемелері балаларды қауіпсіз және сенімді оқыту орны болуы тиіс. Педагогтың бұл мінез-құлқы барлық көрсетілген нормаларға қайшы келеді. Қазіргі уақытта бұндай қателікке жол берген мұғалім жұмыстан босатылды. Балалар құқығын қорғау комитеті білім беру мекемелерінде балалардың құқықтары мен қауіпсіздігінің сақталуын қадағалап, олардың мүдделерін қорғау жөнінде тиісті шаралар қабылдамақ", - делінген комитет хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу