Студенттер академиялық демалысын ХҚКО-да ресімдей алатын болады

1479

Студенттер академиялық демалысын ХҚКО-да ресімдей алатын болады

ҚР білім және ғылым министрінің бұйрығына толықтырулардың енгізілуіне байланысты білім беру мекемелерінде оқитын азаматтарға академиялық демалыс ұсынуға қатысты өзгерістер жүзеге асады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Академиялық демалыс – бұл студент, магистрант, докторант денсаулығына, бала көтеруіне және ҚР Қарулы күштерінің қатарына шақырылуына байланысты өз оқуын уақытша тоқтатқан кезең. Академиялық демалыс алты айдан бір жылға дейін, туберкулезге шалдыққандарға бір жылдан екі жылға дейін беріледі. Сондай-ақ, академиялық демалыс үш жасқа дейінгі бала күтіміне қатысты ұсынылады.

"Бұрын студенттер демалысын ресімдеу үшін өзі оқитын жоғарғы оқу орнының кеңсесіне арыз жазу керек болатын. Енді мұндай арызды қалалық ХҚКО-на түсіруге болады", - деп мәлімдеді елордалық білім басқармасы басшысының орынбасары Дулат Жекебаев қалалық әкімдікте өткен қоғамдық кеңестің отырысында.

Құжаттарды қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру таңдау бойынша жүзеге асады: қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы немесе "Азаматтарға арналған үкімет" арқылы.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу