Студенттер әлі күнге дейін нарықта қатты сұраныста емес мамандықтарды таңдайды – министр

215

Елімізде профориентация бойынша жұмыстар баяу жүріп жатыр. 

Студенттер әлі күнге дейін нарықта қатты сұраныста емес мамандықтарды таңдайды – министр Фото: Новости КазНМУ

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысынан кейінгі брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бізде профориентация бойынша жұмыстар әлсіз жүріп жатыр. Студенттер әлі күнге дейін нарықта қатты сұранысқа ие емес мамандықтарды таңдайды. Бізге Оқу-ағарту министрлігімен бұл бағытта жұмыс істеу қажет. Мектептерде профориентация бойынша кешенді жұмыс қажет. Себебі мамандықты саналы түрде таңдау әлі күнге дейін жоқ. Бізде балалар университет пен мамандық таңдауға дайындалмайды, олар ҰБТ-ға дайындалады. ҰБТ-дан жоғары балл алады, мамандық пен университет таңдау грант бөлінгеннің соңғы екі аптасында жүргізіледі", - деді Саясат Нұрбек.

Сөзінше, биыл педагогикалық мамандықтарға ең көп грант бөлінген.

"Бұл мамандыққа 13 700 грант бөлінді. Бұл халық санының өсуімен байланысты, бізге жаңа педагогтерді дайындау қажет", - деп түсіндірді Ғылым және жоғары білім министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу