Студенттер Арал тұрғындарына көмектесуде

782

Елордалық студенттер Арал теңізін 363 келі қоқыстан тазартты.   

Студенттер Арал тұрғындарына көмектесуде

Олар балықшылардан қалған пластикалық ауларды теңіз түбінен "Зәкір мысық" деп аталатын арнайы құрылғымен алып шыққан. KAZGUU Университеті белсенді жастарының  бұл жобасы Қазақстанның  әлеуметтік кәсіпкерлер фестивалінде ерекше аталып өтілді.

"Біз әлемді жақсартқымыз келеді және қазіргі экологиялық проблемаларды шешуде креативті тәсілдер ұсынып жүрміз. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілегендей, елімізге волонтерлік қозғалыс керек. Арал теңізі мәселесі біздің заманымыздың ең маңызды экологиялық проблемаларының бірі. Алғашқыда Арал теңізінің тартылғанын білетін бірақ, өз көзімен көрмеген команда мүшелері болды. Бәріміз жергілікті халқымен танысып, теңізді жақыннан көргенде ерекше әсер алдық", – деп атап өтті команда капитаны Динара Кеулімжанова.

Арал қаласының тұрғындарын қолдау мақсатында жастар тағы бір жоба ұсынған болатын. Ол үйлерді жылытуға арналған отын брикеттерінің өндірісі. Брикеттер үшін Арал теңізі маңындағы қамысты пайдаланған екен.   "Экологиялық отын түрі көмірқышқыл газын бөлмейді. Көмірмен салыстырғанда, ұзақ жанып, күлі ғана қалып қояды және бағасы да арзандау", – дейді Динара Кеулімжанова.

Студенттер бұл игі істермен шектелген жоқ.  Форумдар мен конференциялардан қалған ескі баннерлерге екінші өмір сыйлап отыр. Керексіз баннерлерден Аралдық балықшылар үшін сапалы алжапқыш тігу жұмысын жолға қойды.  Нәтижесінде "Аналар үйіндегі" әйелдер жұмыспен қамтылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу