Студенттер арасында жүргізілген сауалнамадан соң 4 оқытушы жұмыстан шығарылды

1255

Мұндай сауалнама жазғы сессиядан соң тағы да жүргізілетін болады.

Студенттер арасында жүргізілген сауалнамадан соң 4 оқытушы жұмыстан шығарылды

Шымкенттің 9 университетінде "Адалдық алаңының" бастамасымен сауалнама өткізіліп, дәметкіш педагогтар әшкере болып, қызметінен босатылды, деп хабарлайды otyrar.kz.

Сауалнамаға Шымкенттің 1700 студенті қатысыпты. Нәтижесінде 9 педагогтың пара сұрауға бейім екендігі анықталып, оның төртеуі жұмыстан қуылған.

"Оның үшеуі SILK WAY университетінен болса, біреуі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медициналық академиясынан",– дейді жоба жетекшісі Ерасыл Төлебаев.

Дәметкіш ұстаздардың бағаға қояр бағасы 500 теңгеден басталып, 30000 теңгеге дейін өсіп отырған.

Мұндай сауалнама жазғы сессиядан соң тағы да жүргізілетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу