Студенттер байқауға қатысып, 1,5 млн теңге ұтып ала алады – БҒМ

1061

Биыл 26-27 наурызда Astana IT University базасында IT байқау офлайн-форматта өтеді. 

Студенттер байқауға қатысып, 1,5 млн теңге ұтып ала алады – БҒМ

Білім және ғылым министрлігі студенттер арасында арасында BILIM Hackathon 2022 IT байқауын өткізеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жеңімпазға 1,5 млн теңге беріледі. Екінші орын – 1 млн теңге, үшінші орын – 500 мың теңге. Сондай-ақ IT байқауда жеңіске жеткен студент жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады. 

Сайыста қатысушыларға түрлі тапсырмалар беріледі. Мысалы, олар еркін тақырыпта немесе берілген тақырып негізінде білім беру саласындағы цифрлық шешімдер бойынша жоба дайындауы шарт. 

"Елімізде түрлі IT жобаларды әзірлейтін дарынды жастар көп. Оларды байқауға қатысуға шақырамыз. Сайысқа университет және колледж студенттері, одан бөлек, басқа да програмистерге қатысуға рұқсат беріледі. Әр оқу орнынан тек бір команда қатыса алады. Хакатонға қатысу үшін өтінімдерді monhackathon@gmail.com электронды поштасына жіберу керек. Өтінімге команданың атауын, қатысушылардың аты-жөнін және ұйымның атауын көрсету қажет", – деді Білім және ғылым вице-министрі Айбат Ілиясов.

Айта кетейік, қазылар алқасының құрамда белгілі IT-компаниялардың өкілдері бар.

IT сайыс 26-27 наурызда Astana IT University базасында офлайн форматта өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу