Студенттер биыл далада қалмай ма?

632

Биылғы тапшылық шамамен 60 мыңнан асады.

Студенттер биыл далада қалмай ма?

Жыл сайын жауыр болған жатақхана мәселесі, биыл да өзекті. Президент тапсырма бергенімен, биылғы тапшылық шамамен 60 мыңнан асады. Оның жартысына жуығы Алматыда. Жаңа оқу жылы жақындап қалғанымен мәселе қалай шешіліп жатыр?

Жатақханадағы орын тапшылығы өткен жылға қарағанда 20 пайызға азайған. Десе де, әлі күнге дейін толықтай шешілмей отыр. Оның үстіне, 1400 орындық студенттер үйі биыл уақытында берілмеуі мүмкін. Бірінде күрделі жөндеу бітпеген, бірінде тіпті, құрылысы аяқталмаған. Айта кету керек, кәсіпкерлер де бұл мәселені шешуге ат салысып, тіпті, қалтасын қалыңдатуға мүмкіндік бар. Яғни, жатақхана салып, қолданысқа берсе, мемлекеттен әр орын үшін айына 50 мың теңге төленеді. Бірақ, кәсіпкерлер бұл бастамаға құлықсыз болып отыр.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу