Студенттер экзоскелет ойлап тапты

891

Студенттер экзоскелет ойлап тапты

Қарағанды медициналық университетінің студенттері сал ауруына шалдыққандар үшін экзоскелет ойлап тапты, деп хабарлайды 24.kz.

Олар арнайы костюмді Павлодарда өткен Мейкатон марафонына дайындаған. Мүмкіндігі шектеулі жандардың тұрмысын жақсартуға арналған экзоскелетті ойлап табу үшін студенттер аяқ қолы істемей қалған науқастармен жиі кездесіп, олардың қимылдауына ыңғайлы мүмкіндікті зерттеген.

Костюмнің ерекшелігі – науқас өзі жүріп-тұра алады. Студенттер алғашқы костюмді сал ауруына шалдыққан адамға тарту етіпті. Бағасы 50 мың теңгеден аспайды.

Қазір біз бұл экзоскелетке қосымша тағы қызметтерді қосып, жетілдіріп жатырмыз. Келешекте ойлап тапқан костюмді патенттеп алуды көздеп отырмыз. Бұл бұйымға сұраныс қазір жақсы, тіпті алғашқы тапсырыстарды да алдық. Заңдастырған бойда экзоскелеттерді жасап, шығаруды бастаймыз, - дейді ҚММУ студенті Эльярбек Ташметов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу