Студенттер енді военкомат табалдырығын тоздырмайды

682

Оларға студент статусын дәлелдеудің қажеті жоқ.   

Студенттер енді военкомат табалдырығын тоздырмайды Фото: inbusiness.kz

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мемлекеттік қызметтер беруде Big data мүмкіндіктері қалай пайдаланып жатқанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

"Жыл сайын бір жерден екінші жерге 50 млн анықтама тапсыру қажет болатын. Мұны цифрлық форматқа көшірдік. Десек те, анықтаманы негізсіз талап ету әлі де байқалады. Көбінесе оны мектеп пен жұмыс берушілер сұрайды", - деді министр.

Бағдат Мусиннің сөзінше, келесі жылы өкілетті екі министрлікпен бірлесіп бұл мәселе толық шешімін таппақ. Бұдан бөлек, министр анықтаманы заңсыз талап еткендерге әкімшілік жауапкершілікті енгізуді де сұраймыз деп отыр.

"Жылда 106 мың студент оқу орнынан, емханадан анықтама алып, военкоматқа тапсыруға 2 апта уақыт жұмсайтын. Енді студент статусын дәлелдеудің қажеті жоқ. Үш министрліктің базаларын интеграциялап, студенттер анықтама жинамай-ақ, автоматты түрде әскерден босатылады", - деп атап өтті ведомство басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу