Енді ерікті болып жұмыс істеген студенттер оқу барысында жеңілдіктерге ие болады. Атап айтқанда, олар осы іспен айналысу арқылы оқу ақысын төлей алады. Бұл туралы білім және ғылым министрлігі департаментінің директоры Әділет Тойбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Atameken Business.
Оның айтуынша, қыркүйек айында өздеріне еріктілерді іздеген салалық ұйымдар мен компанияларды тіркейтін арнайы сайт ашылады. Белгілісі, студентке 2 немесе 5 кредитке сай жұмыс көлемі беріледі. Алғашқысы бойынша 20 мың теңге алады, ал 5 несие үшін қанша ақша табатыны әзірге белгісіз. Барлық алынған ақша университетке аударылады екен.