Студенттер мен магистранттардың шәкіртақысы 2025 жылға дейін өседі – Саясат Нұрбек

546

1 қыркүйектен бастап студенттердің, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы өсті.

Студенттер мен магистранттардың шәкіртақысы 2025 жылға дейін өседі – Саясат Нұрбек

Келесі жылы да қыркүйекте осындай өзгерістер бола ма? Бұл сұраққа Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Осы мүмкіндіктер сақталады. 2025 жылға дейін шәкіртақыны өсіреміз. Келесі қыркүйектен бастап тағы 15%-ке, 20%-ке. Мақсатымыз – оқытушыларымыздың, профессорларымыздың, Ph-докторанттарымыздың, студенттеріміздің шәкіртақыларын өсіріп, еңбек нарығындағы орташа және жоғары деңгейге келтіру. Неге десеңіздер, қазіргі таңда ұстаздардың жалақылары өсті. Біз соңғы екі жылда  3 мыңнан астам профессорымызды жоғалтып алдық. Олар мектептерге кетті. Себебі мектепте жалақы жақсы",  деді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек министрліктің телеграм каналында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу