Студенттердің шәкіртақысы 2 есе, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы 1,5 есе көбейеді. Бұл туралы Nur Otan партиясының кезектен тыс XX Съезінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"2025 жылға қарай жоғары білім алу үшін бөлінетін гранттың саны 50 пайызға артады. Бұл 75 мың жас азаматымыз жоғары білімді тегін алады деген сөз", – деді Президент.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы студенттерге материалдық қолау көрсету ісі жалғаса беретінін баса айтты.
"Студенттер шәкіртақысы – 2 есе, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы 1,5 есе көбейеді. 2025 жылға қарай колледждер мен университеттердің жатақханасындағы орын саны кем дегенде 50 мыңға артады",–деді Қасым-Жомарт Тоқаев.