Орындар жатақханаларда, хостелдер мен қонақ үйлерде, сондай-ақ жоғары оқу орындарының резервтік қорларында қарастырылған.
Қалада студенттер жатақханаларындағы орын тапшылығы бір жылда төрт есеге жуық қысқарған. Егер бұған дейін 23,7 мың орын жетіспесе, қазір бұл көрсеткіш 5,7 мыңға дейін төмендеді.
Бүгінде Алматыда 136 жатақхана жұмыс істейді. Онда шамамен 46,2 мың студент тұрып жатыр.
Студенттерді жатақханаларға орналастыру жұмыстары 25 тамыздан басталады. Баспанасыз қалған жастар үшін 50 орынға арналған дағдарыс орталығы да ашылады.
Сонымен қатар студенттерге тұрғын үй мәселесі бойынша кеңес беретін ахуалдық орталық жұмыс істейді. Орталық жанындағы тәулік бойғы колл-орталыққа күн сайын 1,5 мыңнан астам қоңырау түседі.
Кеңес алу үшін: +7 700 950 95 28, +7 727 237 01 70.