Студенттерді орналастыруға хостелмен келісім-шарт жасалмады – Ғылым және жоғары білім министрлігі

392

Жалға алынған қонақ үйлер мен хостелдерге мониторинг жүргізіледі.  

Студенттерді орналастыруға хостелмен келісім-шарт жасалмады – Ғылым және жоғары білім министрлігі Фото: Inbusiness.kz

Министрліктің мәліметінше студенттерді көрсетілген хостелге орналастыру жүргізілген жоқ.

"Біздің мәліметтеріміз бойынша, бұл хостелдің тұрғындары жеке жалдау компаниясымен ынтымақтастық арқылы өз бетінше келісім-шарттар жасасты.

Бүгінгі таңда ЖОО-лар 87 нысанды (қонақ үйлер мен хостелдер) жалға алды.

Айта кетейік, жоғары оқу орындары келісімдер жасасатын жалға алынған объектілерге өрт қауіпсіздігі, санитарлық нормалар, камералардың, турникеттердің болуы, коменданттық сағаттың сақталуы бөлігінде жоғары талаптар қойылады.

Шарт жасасқан хостелдерде ЖОО-ның студент жастары ғана тұрады. Үй-жайларға үнемі мониторинг және тексеру жүргізіледі", - делінген Ғылым және жоғары білім министрлігі таратқан ресми хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу