Студенттердің 38 пайызына жатақханадан орын жетіспейді

789

Студенттердің 38 пайызына жатақханадан орын жетіспейді

Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова елбасының тапсырмасына сәйкес 2022 жылға дейін 75 мың орындық жатақхана салынатынын мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Бүгінде еліміздегі 530 мың студенттің 204 мыңы басқа қалалардан келіп оқып жүр. Студенттердің 38 пайызы жатақханадағы орындарға мұқтаж. Болжам бойынша, бізге 2022 жылға дейін 75 мың орындық жатақхана салу керек", — деді Асылова.  

Вице-министрдің ақпаратынша, Астана, Алматы және Қарағандыда жатақхана орындарының тапшылығы басқа өңірлермен салыстырғанда жоғары. 

"Жатақхана салу схемасы қалай жұмыс істейді? Ең алдымен жоғары оқу орны банкке барып, кредит алады. Кейін конкурс жариялайды. Жатақхана салады. Ғимаратты пайдалануға беру туралы актіні алған кезде мемлекет құрылысқа кеткен шығынды біртіндеп қайтара бастайды",  — деп түсіндірді министрдің орынбасары. 

Айта кетсек, ҚР президенті өзінің бес әлеуметтік бастамасында жоғары білімнің қолжетімділігі мен сапасын көтеру, студенттерді жатақханамен қамтамасыз етуді тапсырған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу