Студенттердің шәкіртақысынан кәсіподақ 4,5 млн теңге заңсыз ұстап қалған

646

Сабаққа қатыспаған студенттерге 3 млн теңге айыппұл салынған. 

Студенттердің шәкіртақысынан кәсіподақ 4,5 млн теңге заңсыз ұстап қалған

Алматы қалалық прокуратурасы колледждерде студенттердің сабаққа қатыспағаны үшін айыппұл санкцияларын алудың заңдылығына талдау жүргізді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. 

Оның нәтижесінде шаһардағы колледждердің нормативтік құжаттарынан айыппұл санкциялары алынып тасталды. 

"Мониторинг көрсеткендей, кейбір колледждер сабаққа қатыспағаны үшін студенттерге айыппұл салады, ал басқалары оларға тәртіптік жаза қолданады. Қала прокуратурасының араласуынан кейін колледж әкімшіліктері осы тармақтарды алып тастау бойынша шаралар қабылдады. Қадағалау актісі бойынша колледждердің 473 студентінің құқықтары қалпына келтірілді, студенттерге салынған 3 млн теңге көлеміндегі айыппұл қайта өтелді", - деп жазылған хабарламада. 

Сонымен қатар прокуратура 4 мыңнан астам колледж студенттерінің шәкіртақысынан кәсіподақ 4,5 млн теңге заңсыз ұстап қалғанын анықтаған. 

"Кәсіподақтардың қызметі колледж студенті болып табылмайтын жұмыс берушінің алдында жұмыскердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған.
Қадағалау актісімен студенттердің стипендиясынан ұстап қалу және айыппұл санкцияларын өндіріп алудың заңсыз практикасы тоқтатылды. Студент жастардың құқықтарын сақтау қала прокуратурасының тұрақты бақылауында", - деді қалалық прокуратурада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу