Бұл туралы қалалық прокуратура хабарлайды. Кейбір колледждердің нормативтік құжаттарында студенттерге айыппұл санкцияларын қолдануды қарастырылған. Қала прокуратурасының араласуынан кейін колледж әкімшіліктері осы тармақтарды алып тастау бойынша шаралар қабылдады. Қадағалау актісі бойынша студенттерге салынған 3 млн.теңге көлеміндегі айыппұл қайтарылды. Сонымен қатар, 4 мыңнан астам колледж студенттерінің шәкіртақысынан кәсіподақтың пайдасына 4,5 млн.теңге сомасына заңсыз ұстап қалу фактілері анықталды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу