Студенттерге жатақхана ретінде берілетін ғимараттарды іріктеу басталды

766

Студенттерге жатақхана ретінде берілетін ғимараттарды іріктеу басталды

Астанада студенттер мен кәсіби техникалық оқу орындарының оқушылары үшін жатақхана ретінде берілетін ғимараттарды іріктеу шараcы басталды, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Астана қаласының білім басқармасы" ММ, 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11 оқу кезеңі кезінде Астана қаласының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері мен оқушыларының уақытша тұруына арналған жатақхана типінде жайластырылған тұрғын бөлмелерімен үй-жайларға (ғимарат) іріктеу өткізу туралы хабарлайды", - делінген баспасөз хабарламасында.

Іріктеуге қатысуға ұсынылған құжаттар мен сапалы қызмет ұсына алады деген қатысушыларды комиссия анықтайды.  

Конкурсқа қатысу өтінімі 2018 жылдың 9 шілдесіне дейін қабылданады. Өтінімдер 10 жұмыс күнінде, ал рұқсат беру хаттамасы мен қорытынды 3 жұмыс күнінде дайын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу