Студенттің атына 12 жылға дейін кепілзатсыз несие ресімдеуге болады

1404

Студенттің атына 12 жылға дейін кепілзатсыз несие ресімдеуге болады

Білім беру гранттары конкурсының нәтижелері барлық қатысушылардың үмітін ақтамады, өйткені түлектердің 30% ғана оқуға грант алды. Бұл студенттердің көбісі ақылы негізде оқитындығын білдіреді.Сонымен, егер балаңыз бір жағдайлармен грантқа ілікпесе, әрі оқуға төлейтін ақшаңыз да жеткіліксіз болса, не істеуге болады? Бұл туралы ҚР білім және ғылым министрлігі "Қаржы орталығы" хабарлайды.

Осы ретте, студенттер мен талапкерлерге оқу ақысын төлеуде қолдау көрсету мақсатында мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі енгізілген еді. Оның шеңберінде студенттің атына жылдық 10%-дан басталатын пайыздық мөлшермен 12 жылға дейін кепілзатсыз несие ресімдеуге болады. Бұл жағдайда Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі "Қаржы орталығы" (бұдан әрі – Қаржы орталығы) кепілгер ретінде өкілеттік етеді.

Қаржы орталығының кепілдігімен білім беру несиесін талапкерлерге де, Қазақстанның барлық ЖОО-лары мен колледждерінің барлық оқу нысандары бойынша студенттеріне де алуға болады.

Қазіргі уақытта білім беру несие Қаржы орталығының серіктес банктерінде әр түрлі шарттарда беріледі. 

Бағдарламаның әрекет ету географиясы кең, серіктес банктер Республиканың барлық өңірлерінде жұмыс істейді. Кредиттерді беру механизмі бірдей: қарыз алушы банкке барып, консультация алады, ресімдеуге қажетті құжаттарды жинап, оларды банкке тапсырады. Білім беру кредиті қажеттілігіне қарай әр семестр немесе жыл сайын оқу орынның есепшотына аударылады.

Қаржы орталығының кепілдігімен білім беру кредитін алу үшін бір немесе екі қосалқы қарыз алушы қажет. Бұл жағдайда қосалқы қарыз алушының төлеу қабілеттілігі, яғни негізгі жұмыс орны бойынша алған табыстары ескеріледі.

Кредиттің сомасы шектелмейді, бастысы, оқудың барлық кезеңдері үшін оқу құнынан аспауы тиіс.

Айта кетер жайт, бағдарлама бойынша жеңілдікті кезең бар, яғни оқу кезінде және оқу аяқталғаннан кейін 6 айға кредитті төлеу мерзімі шегеріледі. Кредиті мерзімінен бұрын өтеу кез келген уақытта айыппұл санкцияларынсыз жүзеге асыралады.

Білім беру несиелерін кепілдендіру мемлекеттік бағдарламасының арқасында студент өз күшімен өз болашағын жоспарлай алады.

Ал балаларының табысты болашағын жас кезінен бастап жоспарлауға және оқуға ақы төлеумен қиналмайтын адамдарға мемлекеттен ақша ала отырып, Мемлекеттік білім беру жинақтаушы жүйесі шеңберінде білім депозитіне болашақ оқытуға қаржы жинауға мүмкіндік береді.

 "Қаржы орталығы" АҚ қызметінің негізгі мәні қаржы ұйымдары беретін, ақшалай нысанда орындауды көздейтін білім беру кредиттері бойынша кепілдік беру, сондай-ақ бұрын берілген мемлекеттік білім беру және студенттік кредиттердің қайтарылуын қамтамасыз ету болып табылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу