Су айдындарынан 214 адам құтқарылды

853

Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары мен ішкі істер министрлігінің полицейлері жыл басынан бері 30 мыңнан астам рейд ұйымдастырып, 3 328 заң бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты.  

Су айдындарынан 214 адам құтқарылды

Шара шеңберінде тыйым салынған орындарда болған азаматтар мен судағы қауіпсіздік қағидасын бұзған тұлғалар тезге салынды, деп хабарлайды inbusiness.kz төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықовтың сөзіне сілтеме жасап. 

"Биыл су айдындарынан 214 адам, оның ішінде 43 бала құтқарылды. 41 адам белгіленбеген орындарда шомылғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деді комитет төрағасы.

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу