Су апатынан зардап шеккен 6 өңір түлектері грант конкурсына бұрынғы ҰБТ сертификатымен қатыса алады

316

Ұлттық тестілеу орталығы тасқын судан зардап шеккен аймақтардың мектеп түлектеріне хабарландыру жасады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Су апатынан зардап шеккен 6 өңір түлектері грант конкурсына бұрынғы ҰБТ сертификатымен қатыса алады Фото: astanatv.kz

Биылғы тасқыннан зардап шеккен аймақтар  – Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары.

Мұндағы талапкерлер үшін маңызды ақпарат бар. 

"Егер негізгі ҰБТ-дан төмен балл жинасаңыз, қаңтар немесе наурыз айларындағы ҰБТ-ның жоғары нәтижесімен грант конкурсына қатысу мүмкіндігіңіз бар. Осылайша  қалауыңыз бойынша ең үздік ҰБТ нәтижесімен грант конкурсына қатыса аласыз", – деп ескертеді орталықтан.

2024 жылы жалпы грант санының 20 пайызы су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің талапкерлеріне бөлінген. 

Аталған аймақтың талапкерлері грант конкурсына құжатты 13-24 шілде аралығында тапсыра алады.

Айта кету керек, биылғы талапкерлердің 77 пайызы негізгі ҰБТ-ны тапсырып үлгерді.

Науқан басталғаннан бері 315 мың рет тест тапсырылды. Оның ішінде талапкерлердің 77% — қазақ тілінде, 23% — орыс тілінде, 200-ден астам адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу