Су астында қалған 8 мыңнан астам үй иесіне жаңа пәтер беріледі

195

12 мың үй мен 26 мың саяжай су астында қалды. 98 үй әлі күнге дейін су астында.  

Су астында қалған 8 мыңнан астам үй иесіне жаңа пәтер беріледі Фото: РИА новости

ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында премьер-министр Олжас Бектенов су тасқыны салдарымен күрес қалай жүріп жатқанын баяндады, деп жазады Inbusiness.kz сайты.

Жалпы табиғи апаттан 12 мың үй мен 26 мың саяжай су астында қалған, 98 үй әлі күнге дейін су астында.

"33 141 қазақстандық 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды. Бұл мақсатқа бюджеттен 12 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. 8 мыңнан астам үй апатты деп танылды, сондықтан олар бойынша қайталама нарықтан жаңа пәтерлер немесе үйлер сатып алу туралы шешім қабылданды" - деді Үкімет басшысы.

Бүгінгі таңда 3 155 отбасы қираған тұрғын үйдің орнына жаңа үйлер мен пәтерлер алды. Тағы 2 049 жаңа үй салынып жатыр. Жалпы тұрғын үйлерді қалпына келтіруге шамамен 251 млрд теңге жұмсалады.

"Мұның барлығын тез жүзеге асыру үшін қазір үлкен ресурстар тартылып жатыр. Президенттің тапсырмасы бойынша күн суытқанға дейін барлық азамат жаңа тұрғын үйге қоныстанып, барлық инфрақұрылым нысандары қалпына келтірілетін болады", - деді Бектенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу