Ақтөбе облысында Ойыл мен Қобда аудандарында ауылдар су тасқынынан зардап шеккен болатын. Қобда ауданында Жарық, Ортақ, Қанай, Көкүй, Қоғалы, Сарбұлақ, Байтақ ауылдарының жолы, Егіндібұлақ ауылының көпірін су шайып кетті. Аудан орталығымен қайық арқылы қатынас орнатылып, мәселе шешілген. Ауданда 31 сайлау учаскесі бар. Қобда ауданында барлығы 10540 сайлаушы тіркелген. Тұрғындар белсенді. Сайлау учаскесі өтіп жатқан ғимарат маңында жәрмеңке ұйымдастырған.
-Тасқыннан үйім аман. Сарайым мен малым суға кетті. Бірақ, соған қарамастан, болашағымыз үшін таңдау жасау үшін сайлауға келдім. Алда жаңа жылымыз келе жатыр, құтты болсын!- деді Қобда ауылының тұрғыны Бәтима Түлікбаева.
Ойыл ауданындағы Қаратал ауылында да сайлау штаттық режимде өтіп жатыр. Әсіресе, №397 сайлау учаскесіндегілер белсенді. Елді мекенде 706 сайлаушы бар.
Ақтөбе облысы бойынша 525 сайлау учаскесі бар. Дауыс берушілер саны 565 мыңнан асады. Барлығы 616 кандидат қатысып жатыр.