Су басқан Құлсарыдан бір адамның мүрдесі табылды

371

Тасқын су басқан Құлсарыда әкесі мен баласы жоғалып кеткен еді. Бүгін әкесінің денесі табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Су басқан Құлсарыдан бір адамның мүрдесі табылды Фото: atr.kz

Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының ақпаратына сүйенсек, 14 сәуірде таңғы сағат 09:00 шамасында табылған.

"Құлсары қаласында 6 сәуірде әкесі мен баласы бірге жоғалып кеткен еді. Әкесі 1 976 жылғы, ал бала 2 000 жылы туған. Олар рұқсат ету құжатынсыз су басқан тұрғын үйін қарау үшін барған. Алайда, олар эвакуациялық пунктке кері оралмаған. Сол күннен бері жоғалып кеткен әкесі мен баласы іздестірілді", - деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Іздестіру жұмыстарына 40 қызметкер, 6 жүзу құралы, 1 бірлік техника жұмылдырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу