Су басқан өңірлерде 8 189 тұрғын үйден су тартылды – ТЖМ

240

Барлығы 14 млн текше метрден астам еріген су сорылған. 

Су басқан өңірлерде 8 189 тұрғын үйден су тартылды – ТЖМ Фото: ҚР ТЖМ

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі Асқар Шәріп Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Атырау облысы Атырау қаласы мен Құрманғазы ауданында Жайық өзені су деңгейіне мониторинг, бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғасып жатыр. 

ТЖМ өкілінің сөзінше, өткен тәулікте Құлсары қаласында 150 мың текше метр су сорылды. Қалған су басқан 216 үйден су сору жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

"Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының Зубовск кентінде 18 аула аумағынан су бұрылып, айдалды. Жағалауды нығайту, су басқан аумақтардан суды айдау жұмыстары және өзен деңгейін бақылау жалғасуда. Петропавл қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда. Тәулігіне жылжымалы сорғы станциялары мен мотопомпалардың көмегімен 356 су басқан үйден су шығарылып, тартылды, барлығы 27 мың текше метрден астам су сорылды. Республика бойынша 8 189 тұрғын үй мен 2 988 аула аумағынан су тартылып, айдалды. 14 млн текше метрден астам еріген су сорылды, 7,7 млн астам қапшық және 1,5 млн тонна инертті материал төселді", - деді ол.

Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға барлығы 14 мыңнан астам адам және 1,5 мыңнан астам техника, 244 су сорғыш және 79 жүзу құралы, 4 әуе кемесі жұмылдырылды. 

Бұдан басқа өңірлерге әуе, теміржол және автокөлікпен 7 мың тоннаға жуық гуманитарлық көмек жеткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу