Су басқан өңірлердің халқы инфекциядан қалай қорғана алады?

255

Гигиеналық шараларды сақтауға баса мән берген жөн. 

Су басқан өңірлердің халқы инфекциядан қалай қорғана алады? Фото: Eurasianet

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова Сенат кулуарында су басқан аймақтардағы қазақстандықтарға үндеу жолдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біріншіден, гигиеналық шараларды сақтау керек. Ең әуелі қолды таза ұстаған жөн. Барлық ішек инфекциялары кір қол арқылы жұғады. Екіншіден, қауіпсіз суды пайдаланған дұрыс. Зертханалық зерттеулерді күнделікті жүргізіп отырамыз. Бүгінгі таңда алынған зерттеу қорытындылары судың қауіпсіз екенін растап отыр. Десек те, орталықтандырылған су қауіпсіз болғанына қарамастан, суды қайнатқан дұрыс", - деді спикер.

Айтуынша, тасқын астында қалған су көздерінен су жіберілмейді.

"Егер де ол су астында қалса, халық үшін осы су көзін пайдалану тоқтатылады. Су кеткен соң міндетті түрде дезинфекция жүргізіледі. Оны санитарлық-эпидемиологиялық қызмет бақылайды. Одан кейін суға зертханалық зерттеу жүргізіледі. Су гигиеналық нормативтерге сәйкес келген жағдайда ғана осы су көзінің қызметі жанданып, халыққа су беріледі", - деп түсіндірді Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу