Су басқан жол арқылы тұрғындарды тасымалдау жалғасуда

306

Өткен екі күнде жергілікті халықтан 60-тан астам адам тасымалданды. 

Су басқан жол арқылы тұрғындарды тасымалдау жалғасуда Фото: ТЖД

Күршім ауданында Топтерек ауылынан 4 шақырым жерде  қардың қарқынды еруі нәтижесінде ағын арқылы көпірдің бетон кұрылыстары шайылып кетті. ШҚО ТЖД күшімен қайықпен тұрғындарды су басқан жол учаскесі арқылы өткізу ұйымдастырылды, деп жазады inbusiness.kz сайты Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

ШҚО ТЖД су құтқарушылары қауіпсіздік мақсатында тұрғындарды күндізгі уақытта ғана өткізеді.

Жергілікті атқарушы органдардың күшімен 15 адам және 2 бірлік техника санымен айналма жол салу жұмыстары жалғасуда.

Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу