Ақмола облысында көктемгі су тасқынын алдын алу шараларына облыстық бюджеттен 43 млн теңгеден астам қаржы бөлінді, деп хабарлады Ақмола облысы бойынша ТЖД басшысы Алекей Советов.
Департамент басшысының айтуынша, облыстағы Атбасар, Сандықтау, Астрахан, Зеренді, Шортанды және Целиноград аудандарында су басу қаупі бар. Осы мақсатта аталған аудандар арқылы өтетін Коко, Жабай, Сарықамыс, Талқара, Жыланды, Есіл, Қылшақты, Колутон, Шағалалы, Нұра, Қайрақты, Қызыл су, Жолболды және Бақсұқ өзендері бақылауға алынады.
"Облыстық бюджет есебінен бөлініп отырған 43 млн теңгеден астам қаржыға өңірдегі қауіпті аймақтар тікұшақпен бақыланып, ғарыштық мониторингі қызметін алу, өзендердің арналарында жару жұмыстарын жүргізу сияқты және өзге де шаралар жүзеге асырылатын болады", - деді А.Советов. Сонымен қатар, департамент басшысы төтенше жағдайларды алдын алу мен жою шаралары бойынша қалалық және аудандық әкімдіктермен 2017 жылға 100 миллион теңге көлемінде қаржы ескерілген. Облыс қалалары мен аудандарында 14 мың тонна инертті материалдар, 50 мың қап, 149 тоннадан астам жанар-жағар материалдары әзірленгенін атап өтті.
"Төтенше жағдайларға жедел түрде елеу мақсатында азаматтық қорғаныс органдарының, ішкі істер және әскери бөлімдерінің жеке құрамынан 605 адам мен арнайы құралдары, одан басқа да 105 бірлік техника мен 10 бірлік жүзу құралдары жұмылдырылады",- деді А.Советов.