Республикалық маңызы бар күре жолдарда су тасқынына қарсы профилактикалық іс-шаралар жалғасуда. “ҚазАвтоЖол”ҰК”АҚ қарасты республикалық автожолдар желісінде жолшы мамандар су өткізу құбырлары мен көпір асты аймақтарының арналарын қар мен мұздан тазарту, су тасқынына тойтарыс ретінде траншея қазу, су басу қаупі жоғары жол бөліктерін нығайту және өзендердегі су деңгейін күнделікті бақылау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жұмысқа 700 бірліктен астам арнайы техника мен 1100-ге жуық жол жұмысшысы жұмылдырылды.
"Қазгидромет" РМК ақпаратына сәйкес биыл қыста еліміздің солтүстігі мен шығысында жауған жауын-шашын мөлшері нормадан асып түскен. Соңғы гидрологиялық болжамға сәйкес Қазақстанда қар жамылғысының аумағы 72% - дан 40% - ға дейін азайған