Су басу қаупі бар жолдар қай облыстарда орналасқаны белгілі болды

198

Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстары аталды.   

Су басу қаупі бар жолдар қай облыстарда орналасқаны белгілі болды Фото: Halyq Uni

"ҚазАвтоЖол" компаниясының басқарма төрағасы Дархан Иманшаев су басу қаупі бар жолдар елдің қай аймағында екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілшілер су басу қаупі бар жолдар қай облыстарда екенін нақтылады.

"Былтыр көктемгі су тасқынында (су басқан) 178 жол пайда болды. Орташа және күрделі жөндеу нәтижесінде 2400 құбыр ауыстырылды. Әрине, ол жерлердің барлығын білеміз. Қазір Төтенше жағдайлар министрлігімен толыққанды жұмыс істеп жатырмыз. Қазіргі таңда ең қауіпті өңірлер – Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстары. Біздің құзыретімізге құбырларды тазалау, қосымша арықтарды салу, қапшықтарды дайындау жұмыстары жалғасып жатыр",  деп жауап берді Дархан Иманшаев.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу