Су басу қаупі басым жерлерде құрылғылар орнатылады

1336

Елорданың "Жастар" шағын ауданында қуаты тәулігіне 40 мыңнан астам текше метрді құрайтын тазарту құрылғысы салынады.

Су басу қаупі басым жерлерде құрылғылар орнатылады

Қазір сужинақтағыш тоғанды құрғату және жерасты тазарту құрылғысының құрылысы бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Құрылысты 2021 жылға қарай аяқтау жоспарланып отыр, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Айта кетсек, елорданың жауын-шашындық кәріздік жүйесі 14 тазарту құрылғысынан, 3 жинақтағыш тоғаннан тұрады. Су басу қаупі басым жерлердегі мәселені шешу үшін 17 объектінің құрылысы бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр, сондай-ақ, тағы 15 объект бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу