Су басу қаупі жоғары ауылдар аталды

1114

өтенше жағдайлар комитеті Павлодар облысына төтенше жағдайға дайын болуға кеңес беріп отыр. 

Су басу қаупі жоғары ауылдар аталды

ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитеті су басу қаупі жоғары ауылдарды атады, деп xабарлайды ҚазАқпарат. 

Ресми мәліметке сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының Бесқарай ауданындағы Кривинка ауылында 84 үйді су басуы мүмкін. Себебі, бүгінде Ертістің бойында үлкен мұз кептелісі пайда болды. Ал Шүлбі су қоймасынан суды көптеп жіберіп жатыр.

Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккердің сөзіне қарағанда, ол су мұзды ары қарай итеруі керек, я болмаса жағаға шығарып тастайды. Бірақ ұсақ мұздар бөгет сияқты суды ұстап қалады. Соның салдарынан су өзеннің алқабына жайылуы мүмкін. Ал Кривинка ауылы өзенге жақын орналасқан.

"Осы елдімекенге жақын жерде мұз жару жұмыстары жүргізілді. Бірақ біз дронмен түсіріп шықтық. Содан мұздың көп жиналғанын байқауға болады. Бұның бәрі суды ұстап, оның өзен алқабына жайылуына себеп болады", – деді Владимир Беккер елордада өткен баспасөз мәслиxатында.

Бүгінде Кривинка ауылының айналасына ұзындығы – 900 метр, ал биіктігі – 1-1,5 метр болатын үйінділер жасап қойды. Жалпы, аталған елдімекенде 128 үй бар. Халық саны – 484 адам. 

Ал Ақмола облысында Целиноград ауданына қарасты Қаражар ауылының 15 үйін су басу қаупі бар. Бүгінде ол жерде де арнайы үйінділер жасалды. Аталған ауылда 650 үй бар. Барлығы 5 000 адам тұрады. Бұдан бөлек, Сандықтау ауылын су басу қаупі бар.

Айта кетейік, бүгінгі баспасөз мәслихатында комитет басшысы елордаға жақын Қосшы ауылындағы ауыз су мәселесін түсіндірді. Комитет басшысы Қазгидрометтің алдағы болжамына алаңдап отырғанын да жасырмады. Төтенше жағдайлар комитеті Павлодар облысына төтенше жағдайға дайын болуға кеңес беріп отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу