Экология мен қоршаған ортаған еш зияны жоқ бұл өзгеше электр стансасы Қытайдың Аньхой провинциясына қарасты Хуайнань қаласында іске қосылатын болды, деп хабарлайды islam.kz.
Ол бұрынғы көмір кенішінің орнына жиналған судың бетінде іске қосылады. China Daily мерзімді басылымның таратқан хабарына қарағанда, аталған құрылғы су бетінің 86 гектарын алып жатыр, 1200-нан астам күн панелімен жабдықталған. Ол 40 МВт электр қуатын өндіріп, жылына 15 мың үйді электр энергиясымен қамтамасыз ете алады. Бұл жобаға Sungrow Power Supply Co Ltd компаниясы басшылық жасайды.
Бұл электр стансасының пайдалану мерзімі 25 жылға шақталған. Бұл құрылғыға сыртқы факторларға, соның ішінде, тұз бен ылғалға төтеп беретін технология қолданылған.