Су добынан іріктеу турнирі: Қазақстан ширек финалда ойнайды

1210

Ширек финалда ел құрамасы Нидерландымен кездеседі.

Су добынан іріктеу турнирі: Қазақстан ширек финалда ойнайды

Италияда су добынан әйелдер командалары арасында Олимпиадаға іріктеу турнирінің топтық ойындары мәресіне жетті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Іріктеу кезеңінде Қазақстан әйелдер құрамасы "В" тобында үшінші орынға жайғасты. Аталған топта Греция бірінші, Венгрия екінші, ал Израиль құрамасы төртінші орыннан көрінді. 

Топтық кезеңнің соңғы кездесуінде отандастарымыз Израиль құрамасымен 7:7 есебімен тең түсті. Ширек финалда ел құрамасы Нидерландымен кездеседі.

Айта кетерлігі, Нидерланды "А" тобында екінші орынға жайғасқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу