Су добынан Қазақстан ерлер командасы Токио Олимпиадасына тікелей жолдама алуы мүмкін

877

Ал Қазақстан әйелдер командасы әлемдік іріктеу турнирінде бақ сынайды.   

Су добынан Қазақстан ерлер командасы Токио Олимпиадасына тікелей жолдама алуы мүмкін

Су добынан Қазақстан ерлер командасы 2020 жылғы Токио Олимпиадасына құрлықтық іріктеу турниріне қатыспай-ақ жолдама алуы мүмкін деп хабарлайды Olympic.kz. 

Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз жиынында су спорты түрлері Федерациясының президенті Андрей Крюков мәлімдеді. Оның айтуынша, Халықаралық су спорты түрлері федерациясы (FINA) мен Азия су спорты түрлері федерациясы Нұр-Сұлтандағы лицензиялық Азия чемпионаты кейінге шегерілген соң осындай шешім қабылдаған. Құрлық додасы 12-16 ақпан күндері елордада өтуі тиіс еді. 

Халықаралық ұйым құрлықтық іріктеу турнирінің орнына 2018 жылғы Азия ойындарының қорытындысын пайдаланған. Еске сала кетейік, қазақстандықтар Азия ойындарында топ жарған болатын. 

"Ақпан айына жоспарланған су добынан Азия чемпионаты коронавирустың тез таралуына байланысты өтпей қалды.  Бұл олимпиадаға іріктеу турнирін өткізу үшін айтарлықтай әсер етті. Нәтижесінде, ұйымдастыру комитеті турнирді екі аптадан соң өткізуге шешім қабылдаған болатын. Алайда, кейінге қалдыру тағы мүмкін болмай тұр. Өйткені, 8 аптада әлемдік іріктеу турнирі басталады. Сол үшін мейілінше тиімді және сараланған шешім қабылдау керек еді. 10 ақпан күні Азия су спорты түрлері федерациясы Азия чемпионатының өтпейтінін хабарлады. Тараптар арасында үлкен жұмыс жүргізілді. Барлық мүмкіндіктер қарастырылған соң 2018 эылғы Азия ойындарындағы рейтингті негізге алу туралы шешім қабылданды. Азиадада Қазақстан командасы топ жарған болатын. Азия ойындарының нәтижесіне сәйкес, жеңімпаз команда олимпиада ойындарына тікелей жолдама алса, тағы екі команда әлемдік лицензиялық турнирге қатысу мүмкіндігін иеленді. Бұл шешім барлық тараптардың келісімін талап етеді және айтарлықтай уақыт керек. Оның үстіне, FINA бұл туралы хабарлады, енді тек кейбір техникалық жайттарды талқылау қажет. Азия чемпионатына қатысатын барлық мемлекеттер бұл шешімді құптап отыр. Енді біз күтудеміз. Біздің командамыз дайын, маусымды әрі қарай жалғастырады", – деді Крюков.  

Су добынан Қазақстан ерлер командасы соңғы рет 2012 жылғы Лондон Олимпиадасында өнер көрсетті. Жалпы алғанда, ватерполшылар  үш Олимпиадаға қатысқан (2000,2004,2012 жылдар).

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу