Су добынан VI Азия чемпионатында еліміздің қыздар командасы үздік үштікке енді

840

Азия чемпионатында сәтті өнер көрсеткен екі команда 2019 жылғы әлемдік додаға жолдама алады. 

Су добынан VI Азия чемпионатында еліміздің қыздар командасы үздік үштікке енді

24-28 қазан аралығында Өзбекстан астанасы Ташкентте су добынан жастар арасындағы VI Азия чемпионаты өтті, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Бес күнге созылған жарысқа алты ерлер және төрт әйелдер командасы қатысты.

Біріншілік нәтижесі бойынша Қазақстан қыздар командасы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. Ал бірінші орын Қытайға, күміс жүлде Жапонияға бұйырды.

Азия чемпионатында сәтті өнер көрсеткен екі команда 2019 жылғы әлемдік додаға жолдама алады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу